08
Жұма,
Қараша

һижри

Әлемдегі ең үлкен киіз тігілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Ел аузында «Қазақ кестесінің мекені» атанған Қытайдың Санжы Облысына қарасты Мори қазақ автономиялы ауданында әлемдегі ең үлкен киіз үй жасалып, алып сырмақ тігілді. Бұл жайында Baq.kz хабарлап отыр.

 

Қытай журналистері жарыса жазған жаңалықтарға сүйенсек, Шыңжаңның Мори ауданында тігілген киіз үйдің жалпы көлемі 1175 m², биіктігі 18,5 метр болып, күлдіреуіштен басқұрға дейін 13,5 метрді құраған. Керегесінің биіктігі 5 метр, уықтың ұзындығы 6 метр болған алып ақ орданың шаңырағының диаметрі 8,5 метр екен.

Ал, таза ағаштан жасалған киіз үйдің төріне салынған сырмақтың диаметрі 32 метр, айналма ұзындығы 101 метр ұзындықта болып жалпы көлемі 803,8 m²-ді құраған. Оған 2000 адам малдас құрып отыруға болады.

Мори аудандық үкіметінің қолдауымен сондағы «Меруерт» кестешілік кооперативі шеберлерінің қолынан шыққан киіз үй мен сырмақты дайындауға 5 млн. юаннан (шамамен 850 мың АҚШ доллары) аса қаражат жұмсалған. «Меруерт» кестешілік кооперативінің басшысы Азат Әбейұлының айтуынша тек сырмақты тігуге 32 адам 3 ай уақыт жұмсаған.

 

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: