28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Ғани» мешітінің бас имамы ауысты

Ел іші
Жарнама

Қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Абдукаримов Бағдат Ахмадәлиұлы «Әл-Ғани» мешітінің Бас имамы болып тағайындалды.  Бұл жөнінде мешіт жамағатымен жүздескен "Нұр Астана" орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан арнайы таныстыра келе, осыған дейін "Әл-Ғани" мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған Нұрлан Бақбасаровтың мұнан былай Бас мүфти бұйрығымен Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы "Науан хазрет" атындағы орталық мешіттің наиб имамы қызметін атқаратындығын жеткізді.

Діни басқарма жүктеген жұмыстарға жауакершілікпен қараған Нұрлан Бақбасаровқа ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының атынан иығына шапан жабылып, атқарған қызметіне өкілдік тарапынан алғыс білдірілді. 

«Әл-Ғани» мешітінің Бас имамы қызметіне келген Бағдат Ахмадиұлы 1979 жылы ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Алғаш діни қызметті 1998 жылы Шымкент қаласының сол кездегі орталығы «Абдулхамит Қаттани» мешітінде көмекші молда болып бастаған.

2002 жылдан бастап «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде азаншы болып қызмет атқарған. Ал, 2014 жылдан бастап күні бүгінге дейін "Әзірет Сұлтан" мешітінде наиб имам қызметін атқарып келген.

1995-1998 жж. аралығында Шымкент қаласындағы «Қошқар ата» медресесінде діни білім алса, 2001 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетіне түсіп, 2006 жылы дінтанушы мамандығымен бітірген. 2010-2013 жж. аралығында «Тұран» университетінде оқып, құқықтанушы мамандығын иеленген.  

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: