25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қайырымдылық саласы қызметкерлері аттестациядан өтуде (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматыдағы Қайырымдылық мекемелер қауымдастығы «Алшаң Жібек Жолы» Ассоциациясының қызметкерлерін аттестациядан өткізуде. Бұл туралы Muftyat.kz хабарлады. 

 

Қауымдастық қызметкерлерінің білім деңгейін ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы, Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейітбеков пен Ерсін Әміре сараптамадан өткізуде.

Аттестацияға жалпы саны 178 қызметкер қатысып, қызметкерлер жеке-жеке, билет түрінде, жазбаша және ауызша сынақ тапсыруда.

Бөлісу: