28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфи омбылық жамағатпен жүздесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары аясында Омбы облыстық «Қайыр-ықсан» мешіті жамағатымен жүздесіп, қандастарымызға уағыз айтты. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Діни басқарманың бүгінгі жұмысымен, атқарылып жатқан игі іс-шаралар туралы баяндаған бас мүфти өз сөзінде жамағатты бірлікке шақырды.

«Құрметті қандас бауырлар, сіздерге айтар насихатым – ең бастысы бірліктеріңізге бекем болыңыздар. Баршаңызға белгілі, кезінде қазақтың басына жеткен талай нәубетті кезеңдер осы бірлігімізге сызат түскеннің салдарынан болды. Бірлік бар жерде – береке болады. Бір-бірлеріңізге қамқор болыңыздар, біз әрқашан сіздерді қолдап, қолдан келгенше қамқорлығымызды аямаймыз. Осы Омбы облысы бойынша мүфтилеріңіз Бота хазрет Бакуленге қолдау көрсетіп, ортақ сауапты іс-шараларда жанынан табылсаңыздар үлкен жетістікке жетесіздер» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Омбы облысының мүфтиі әрі жергілікті Қазақ қауымдастығының жетекшісі Бота Бакулин өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни бамсқармасына көрсетіп келе жатқан қамқорлығы үшін жылы лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: