07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти қоғам қайраткері Бейбіт Төлеубайұлын қабылдады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматыда ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы белгілі жазушы, дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапарәлімен кездесті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Кездесу барысында Бейбіт Төлеубайұлы дін саласындағы оң өзгерістер жайында жылы пікір білдіріп, «Дін мен дәстүр» бастамасының жастардың бойына рухани құндылықтарымызды сіңіруде, дәстүрлі діни сананы қалыптастыруда маңызы зор екенін атап айтты.

«Діни басқарма соңғы уақытта дәстүрлі діни мектебімізді қалыптастыру, Дін мен дәстүрімізді жаңғырту бағытында жұмыс жасап келеді. Оны өзіңіз де жақсы білесіз. Бұл игі бастамаларды зиялы қауым өкілдері құптап отыр. Кез келген халық өзінің дәстүрлі діни мектебі мен діни тәжірибе негіздерінен ажырайтын болса, онда ол ұлт өзінің рухани, мәдени болмысынан ажырайды. Дін мен дәстүр үндескенде ғана халық діннің рухын сезінеді. Сондықтан, «Дін мен дәстүр» бастамасы зиялы қауым, жалпы халық тарапынан қолдау тауып келеді» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: