26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мемлекет басшысы Конституция күнімен құттықтады

Ел іші
Жарнама

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Конференция жұмысына Үкімет мүшелері, Парламент палаталарының төрағалары мен депутаттары, Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелері, беделді халықаралық ұйымдар делегациялары, сондай-ақ 28 елдің құқық қорғау мекемелері мен прокуратураларының, соттарының, конституциялық бақылау органдарының басшылары, отандық және шетелдік танымал заңгер-ғалымдар, саясаттанушылар мен сарапшылар қатысты.

«Қазақстан – бүгінде әбден қалыптасқан, әлемнің абыройлы және лайықты мемлекеті. Бұл – біздің Негізгі заңымыздың барлық ережелері мен қағидаттарының нақты іс жүзіне асуы. Жақсы жағына қарай өзгеруге бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық құрылыс қана тиімді болып саналады. Біздің Ата заңымызда табысты даму үшін де, Ұлттың өзін-өзі жаңғыртуы үшін де қажетті барлық құқықтық тетіктер бар. Біз 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламамыздың негізінде алдымызға Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің біріне айналдыру жөнінде жаһандық мақсат қойдық", – деді Қазақстан Президенті. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, конференция жұмысына қатысушыларға жұмыстарының жемісті детабысты болуына тілектестік білдірді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: