26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Хиросима мен Нагасаки құрбандарын еске алды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Кеше  «Отан Ана» ескерткіш монументі алаңында Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасының тасталуына 70 жыл толуына байланысты еске алу акциясы өтті, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.

Хиросима мен Нагасаки қасіретін еске алу шарасына ҚР Парламент мәжілісі мен Сенатының депутаттары, Жапония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және уәкілетті елшісі Камохара Масаёси және елге белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

«Биыл Хиросима мен Нагасаки қалалары атом бомбасынан қасірет шеккеніне 70 жыл толады. Жапония жұрты әлем халқынан енді мұндай сұрапылдың қайталамауын сұрайды. Бүгінде әлемде әлі күнге 16 мың ядролық қару сақталып келеді. Бұл бүкіл жер бетінің тіршілігін тоқтатып, адамзатты жойып жіберуге жеткілікті күш» дейді Жапония елшісі Камохара Масаёси.

ҚР Сенат депутаты В.Редкокашин айтуынша, бұл қасіретті күн тек жапон халқы үшін емес, барша адамзатқа ортақ қайғы екенін атап өтті.

Елорданың дін қауымдастықтары атынан аталмыш акцияға «Төлебай» мешітінің бас имамы Ибрагим Келдібайұлы мен Орыс православтық шіркеуінің өкілі Дмитрий Байдек қатысты. Бас имам Ибрагим Келдібайұлы өз кезегінде Жапон халқының қайғы-қасіретіне ортақтастығын айтып, әлемнің тыныштығын тілеп, қасиетті Құран аяттарын оқыды.

Еске алу шарасына жиылған жұрт «Отан Ана» алаңынан тәуелсіз ел көгіне 7 бейбітшілік көгершіні мен 7 шар ұшырды.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: