26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алматы мешіттері су тасқынынан зардап шеккен аймақта асарлатты

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы облысы Наурызбай ауданына қарасты Қарағайлы елді мекенінде болған су апаты салдарынан зардап шеккен аймақта қала мешіттері асар жасады. Бұл туралы Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала имамдары мен мешіт жамағаттары ежелгі ата дәстүрі – асарды жаңғыртып, қиыншылыққа кезіккен отандастарымызға көмектесуді жөн санады.

Айта кетейік, Наурызбай ауданы, Қарғалы өзеніндегі су тасқынының көбеюі туралы ақпарат 23 шілде күні, таңғы 03.00-де тараған еді. Уақиға орнында құтқарушылар, полиция, әкімшілік және ТЖД қызметкерлерімен қатар Алматы орталық мешіті бастаған қалалық мешіттердің 300-ден астам жамағаттары да апат салдарынан балшыққа батқан маңайды қалпына келтіруге қатысты. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: