26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шығыста «Шәкәрім қажы» мешіті ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Шырайлы шығыс жұртында қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында зәулім мешіт ел игілігіне берілді. Семей қаласының Шығыс кентінде ашылған күмбезді мешіт «Шәкәрім қажы» атауын алды. Құлшылық үйінде бір мезетте   500 адам намаз оқи алады. Бұл туралы Семей қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Шәкәрім қажы» мешітінің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы арнайы қатысып, халықты қуанышты күнмен құттықтады. Бас мүфти игі іске ұйытқы болған кәсіпкер азаматтарға халық атынан алғыс білдірді.

Салтанатты рәсімге қала әкімі Е.Бидахметұлы да қатысты. Ел қалаулысы жұртшылықты қатар келген қос қуанышпен құттықтады. Ақсақалды қариялар батасын беріп, қуанышқа ортақтасты. Семей өңірінің өкіл имамы Алтыбай Мақсат қасиетті Құран аяттарын оқып, мешіт есігі ел игілігіне ашылды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мешіттің бас имамдығына тағайындалған Серікқали Бейсенұлына қасиетті Құран кітабын сыйға тартса, аймақтың кәсіп игерген азаматтары темір тұлпар тарту етті.

Ал, ардагерлер атынан сөз алған Сейтжан ақсақал жүрекжарды тілегін айтып, ақ батасын берді.

 


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: