25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық акциясы өтті

«Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық акциясы өтті

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ «Зекет» қорының Қарағанды облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық акциясы өтті.

«Зекет» қорының аймақтағы жауапты өкілі Мұхит Жарымбетовтің жетекшілігімен аз қамтылған мұқтаж отбасыларға көмек берілді. Атап айтқанда, 10 отбасыға көмір, 7 отбасыға кілем мен төсеніштер үлестіріліді. Сонымен қатар 2 отбасыға аяқ киім, киім-кешек берілсе, тағы бірнеше отбасыға азық-түлік жеткізілді.

Сауапты шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесу. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жиын соңында сауапты амалға қаржылай және өз мүмкіндігіне сай үлес қосқан жомарт азаматтарға «Зекет» қоры атынан алғыс айтылып, ізгі тілек білдірілді.

2a78eed4-9bf6-4652-a490-e36a855a077f.jpg

0c23484c-f6e9-4f95-ad1c-2eafb1824732.jpg

Бөлісу: