25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бір жылда 47 034 діни сұраққа жауап берілді (ФОТО)

Бір жылда 47 034 діни сұраққа жауап берілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – халықтан түскен діни сұрақтарға жауап беру. Осы бағытта биыл Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппараты жанынан Діни ақпарат орталығы (call-center) ашылған болатын.

Ақпарат орталығының (call-center) нөмірі – 33-30-30. Орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының коды арқылы телефон шалуға болады. Орталықта дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді. Діни ақпарат орталығына (call-center) бір тәулікте шамамен 50-60 сұрақ түседі.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сонымен қатар республикалық сall-орталығы осы жылы жеке кездесу, қоңырау шалу және әлеуметтік желі арқылы түскен 47 034 діни сұраққа жауап берді.

suraq1

suraq1

suraq1

suraq1

suraq1

suraq1

suraq1

suraq1

suraq1

suraq1

suraq1

suraq1

Бөлісу: