25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Діндер тарихы туралы кітап жарық көрді

Діндер тарихы туралы кітап жарық көрді

Ел іші
Жарнама

20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Жоламан Бұланұлының «Ежелгі және қазіргі діндер тарихы» атты кітабы оқырманға жол тартты.

Бұл – автордың үш жылдан аса әзірлеген еңбегі. Дегенмен кітап Түркия мен Қазақстанда теология ғылымы бойынша қорғаған докторлық диссертациялық зерттеуі негізінде жарық көрсе, дінтану саласында діндер тарихы жайлы қазақ тіліндегі ең алғашқы құнды оқулық болмақ.

Дінтану саласы еліміздегі жаңадан дамып келе жатқан ғылым болғандықтан, соны еңбектер көп емес. Ал «Ежелгі және қазіргі діндер тарихы» авторы ана тілімен қоса араб, ағылшын, түрік, моңғол тілдерін меңгергендіктен, 5 тілдегі дереккөздер мен көне классикалық және қазіргі таңдағы еңбектерді еркін пайдаланған.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті Дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған. Еңбекке алғысөз жазған Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD, доцент Қайрат Құрманбаев адамзат жаратылысынан бүгінге дейінгі діндер тарихын қамтыған кітапты оқу құралы ғана емес, діндер тарихының энциклопедиясы деп баға берді. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ф.ғ.д., профессоры Қарлығаш Борбасова, Нұр-Мүбарак ЕИМУ ф.ғ.д., профессор Қ.Затов, PhD, қауымд.профессор Қ.Ержан оң пікірлерін жазған.

Оқу құралы «дінтану», «теология», «исламтану» мамандықтары бойынша білім алушы студенттер мен магистранттар, мамандарға және діндер тарихына қызығушы жалпы оқырманға арналған.

dinder1

Бөлісу: