26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)

Бас мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

17 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қарағанды қаласы, Октябрь ауданында жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Құлшылық үйінің ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

800 адамға лайықталған мешітке «Төлеутай ата» деген атау берілді. Түсіпбековтер әулетінің демеушілігімен салынған мешіттің ашылуында сөз алған Бас мүфти жаңа құлшылық үйінің ерекшелігіне тоқталды.

«Бұл – ерекше мешіт. Дәл осы ауданның халқы асыға күтті. Өйткені Октябрь ауданында бұрын-соңды мешіт болмаған еді. Алланың жердегі үйін салып, оны көркейту тақуалардың ғана қолынан келеді дейді Құранда. Міне, бүгін жаңа нысан жамағатқа есігін айқара ашты. Мешітке атсалысқан азаматтарға Алла разы болсын» - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Осы шарада Бас мүфти Төлеутай ата мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлын көпшілікке таныстырды. Ол Мысырдың «әл-Азһар», Каир университеттерінде және Түркиядағы «Хасеки» академиясында білім алған. Мешіт-медреселерде араб тілі мұғалімі, Қарағанды қалалық мешітінде имамдық қызметтерін атқарған. 2017 жылдан күні бүгінге дейін «Олжас Есенұлы» діни-ағартушылық орталығында жемісті еңбек етті.  

Айта кетейік, Октябрь ауданында 60 мыңдай халық тұрады. Саябақта орналасқан жаңа мешіттің құжатын демеушілер толықтай Діни басқарманың еншісіне өткізді. Құлшылық ордасының құрылысы 1 жылдан аса уақытта аяқталған.

meshit1

meshit1

meshit1

meshit1

meshit1

meshit1

meshit1

meshit1

meshit1

meshit1

meshit1

meshit1

Бөлісу: