26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«ҚМДБ Халал» оқыту және біліктілікті арттыру орталығы ашылды (ФОТО)

«ҚМДБ Халал» оқыту және біліктілікті арттыру орталығы ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

11 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «ҚМДБ халал» оқыту және біліктілікті арттыру орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Бас мүфти бастамасымен ашылған орталық Діни басқарманың орталық аппаратында орналасқан. Оқыту орталығының негізгі жұмысымен «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Аташев таныстырды.
Орталықта халал мәселесіне қатысты барлық мәліметтер, «Халал Даму» ұйымының сертификатын иеленген кәсіпорындар картасы, т.б. ақпараттар көрнекілік құралдары арқылы көрсетілген. Біліктілікті арттыру курстарына имамдар, инспектор-бақылаушылар, сондай-ақ, «ҚМДБ халал» сертификатын иеленген кәсіпорындардың мамандары қатыса алады.
«Халықтың тұтынатын асының адал болуын қадағалап, дінге қызмет етіп отырған сіздердің еңбектеріңізге береке тілеймін. Стандарттар мен шариғатты бірдей оқыту, тек өзіміз емес, мемлекеттік мекемелерден де тақырыпқа қатысты мамандар шақырып оқытуды қолға алсаңыздар» деді Бас мүфти.
Айта кетелік, орталықтың ашылу рәсіміне ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков қатысты.

ortaliq1

ortaliq1

ortaliq1

ortaliq1

ortaliq1

ortaliq1

ortaliq1

ortaliq1

Бөлісу: