26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Халал Даму» директоры халықаралық жиынға қатысты

«Халал Даму» директоры халықаралық жиынға қатысты

Ел іші
Жарнама

6 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Аташев «ИЫҰ-дағы қауіпсіз және халал тағамға апаратын жол» тақырыбында өткен халықаралық онлайн-кездесуге қатысты.

Жиынды Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) ұйымдастырды. Оған спикер ретінде қатысқан Айбек Асқарбекұлы Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі және халал өндірісін дамыту туралы айтып берді.

Бұл кездесуде ИЫҰ (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) ішінде қауіпсіз және халал тамақ өнімдерін өндіруге инвестицияларды ілгерілетуге, сондай-ақ ұйымға мүше елдердің халал өнімдерінің жаһандық нарықтағы орнына басты назар аударылды.

Қазіргі уақытта бұл нарықтың көп бөлігі ұйымға мүше емес елдерге тиесілі болып отыр.

АҚИҰ жоғары агропотенциалы бар ИЫҰ елдеріне өзінің тамақ өнеркәсібін дамытуға және ұйым ішіндегі тамақ өнімдерін жеткізудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беруге баса назар аударады.

aybek1

aybek1

aybek1

aybek1

Бөлісу: