26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қазан айында 5420 діни сұраққа жауап берілді

Қазан айында 5420 діни сұраққа жауап берілді

Ел іші
Жарнама

5 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ республикалық Сall-орталығы қазан айында жалпы 5420 діни сұраққа жауап берді.

Атап айтқанда, жеке кездесу арқылы – 926, қоңырау шалу арқылы – 1794, әлеуметтік желілер арқылы 2700 сұрақққа жауап берілді.

Сонымен қатар ҚМДБ-ға қарасты «Мұнара» газеті мен мүфтият сайттарында «Үй сатып алуға жиналған қаражаттан зекет беріле ме?», «Тұтыну кооперативі арқылы үй алуға бола ма?», «Мәулітті тойлауға бола ма?», «Қайтыс болған адамның қарызын кім төлейді?» секілді өзекті мәселелер жарияланды.

Еске сала кетейік, кез келген діни мәселені ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа ісіне жауапты мамандарынан, сондай-ақ діни ақпарат орталығының (Сall-center) 8 (7172) 33-30-30 телефон нөміріне қоңырау шалу немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына хат жолдау арқылы сұрап, біле аласыздар.

 

Бөлісу: