26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфтидің Жамбыл облысындағы іс-сапары Б.Сапарбаевпен кездесумен басталды

Бас мүфтидің Жамбыл облысындағы іс-сапары Б.Сапарбаевпен кездесумен басталды

Ел іші
Жарнама

4 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевпен кездесті.

Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазин және аймақтың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысты. Алдымен сөз алған Бердібек Машбекұлы Бас мүфтиге алғысын білдірді.

«Тарихи өңірге қош келдіңіздер. Жыл басында Өзіңізбен Қордайда кездесіп, қордаланған мәселелерді ортақ шешіп келеміз. Бізге керегі – ынтымақ, бірлік. Жоспарыңызбен танысып шықтым. Сапарыңыз жемісті болсын. Қазіргі кезде халыққа рухани тәрбие беруде имамдардың рөлі жоғары. Ендеше бірлесіп жұмыс атқаруда табысты болайық» деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы жылы жүздесуге ризашылығын білдірді.

«Бұл өлке – тарихи, киелі мекен. Сонау замандарда қазақ жеріндегі Исламның тарауына бұл шаһардың маңызы зор болды. Өзіңіз басқарып отырған өңірге береке тілеймін. Індеттен айығып, аурудан аман болайық. Қазір Діни басқарма Тараз,Түркістан секілді тарихи мекендерге зиярат ұйымдастыруды бастап кетті. Мүфтияттың «Тауаф» турфирмасы арқылы алғашқы лек Түркістан мен Отырарға барды. Жақында ғана «Зират пен зиярат әдебі» атты құжат қабылдадық. Соның аясында жұмыстар басталды. Қордайдағы жағдай бақылауда. Имамдарымыз жүйелі жұмыс істеп келеді» - деді Бас мүфти өзара кездесуде.

Сонымен қатар екіжақты жүздесуде облыста салынып жатқан жаңа мешіттер мен медреселердің қазіргі ахуалы сөз болды.

jambyl1

jambyl1

jambyl1

Бөлісу: