26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Абайдың қара сөздерін жатқа айтудан сайыс өтті

Абайдың қара сөздерін жатқа айтудан сайыс өтті

Ел іші
Жарнама

28 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Атырауда даңқты ойшылдың қара сөздерін жатқа айтудан рухани шара ұйымдастырылды.

Аймақтық деңгейде өткен сайысты Атырау облысының орталық «Иманғали» мешіті және «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Үш турдан тұратын сайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар Абайдың кез-келген бір қара сөзін жатқа оқыды. Кейін қазылар тарапынан қойылған  қосымша сауалдарға жауап берді. Екінші кезеңде үміткерлер билет  суырып, ондағы қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді. Үшінші кезеңде қатысушылар жұпқа бөлініп, өзара қара сөзді жатқа оқу арқылы сайысты.

Бірнеше сағатқа созылған рухани бәсекеде бірінші орынды Махамбет ауданынан қатысқан Сейітжан Құжырбаев иеленді. Екінші орынға Атырау қаласынан қатысқан үміткер Хасан Досболатұлы лайық деп танылды. Ал үшінші орынды Исатай ауданынан қатысқан Зарина Нұрғали және Атырау қаласынан қатысқан Жанаргүл Есенғазиева өзара бөлісті.

Сонымен бірге, қатысушылар қатарында үздік өнерімен ерекшеленген Асылай Сарсеноваға (Мақат ауданы), Думан Сабырғалиға (Атырау қалаы) ынталандыру сыйлықтары берілді. Қатысушылардың барлығы қаржылай сыйлықпен марапатталды. 

«Біздің мақсатымыз – Хәкім Абайдың еңбектерін дәріптеу.  Өңір жастары мен мешіт жамағатын  Абай ілімін меңгеруге ынталандыру, имани құндылықтарға баулу» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы. 

Еске сала кетелік, тартысты бәсекеге Атырау облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев, Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, «Атырау» телеарнасының директоры Қанат Әуесбай, Мәдениет қайраткері Қайыржан Махметұлы қазылық етті.

Бөлісу: