26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа қызметкерлер тағайындалды (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа қызметкерлер тағайындалды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

26 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес жаңа қызметкерлер тағайындалды. Мешіт бас имамы Ерболат Жүсіпов жаңа қызметкерлер жайлы апталық жиналыс барысында мәлім етіп, Темірлан Дарханұлы мен Мейрамбек Қабылбекұлын ұжыммен таныстырды.

Айта кетейік, Бас мүфти бұйрығына сәйкес Ибраев Темірлан Дарханұлы бүгіннен бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имам қызметіне кірісті. 2010-2013 жылдары «Астана» медресе-колледжінде діни сауат ашқан Темірлан Дарханұлы 2013-2016 жылдары Стамбул қаласындағы (Түркия) «Хасеки» білім ордасын «Исламтану» мамандығы бойынша білім алған. Оқу бітірісімен елге оралып, бір кездері өзі білім алған «Астана» медресесіне қызметке орналасқан Темірлан Дарханұлы содан бері ұстаздық саласында жемісті жұмыс атқарып келген. Осы жылдар аралығында ол Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Евразия Ұлттық Университеті «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасында қосымша білім жетілдірген.

Сондай-ақ, бұған дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Шаруашылық меңгерушісі» қызметінде болған Рсымов Мейрамбек Қабылбекұлы «Іс басқарушы» қызметіне тағайындалды. ОҚО Бәйдібек аудандық сотында маман-инспектор, жетекші маман, бас маман сот-мәжілісінің хатшысы, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында бас маман сот-мәжілісінің хатшысы, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ-ның ОҚО Бәйдібек аудандық филиалында заңгер-консультант, «Атамекен» ҰКП-ның ОҚО Бәйдібек аудандық филиалында заңгер-консультант, ОҚО Адвокаттар алқасында көмекші адвокат, «Фермерлер Одағы» РҚБ-нің ОҚО Бәйдібек аудандық филиалының төрағасы, Астана қалалық сотының ұйымдастыру-талдау бөлімінде маман, «Жемқорлыққа қарсы халықтық комитет» ҚҚ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «BES ASYL» ЖШС құқықтық қызмет көрсету фирмасының директоры, «Imandy Bi» Медиация орталығының директоры, кәсіби медиатор, «Астана қаласы әкімдігінің «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-де заңгер қызметтерін жемісті атқарған Мейрамбек Қабылбекұлы соңғы екі жыл ішінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің шаруашылық меңгерушісі ретінде жемісті жұмыс жасап келген болатын.

meshit1

meshit1

meshit1

 

Бөлісу: