01
Жұма,
Қараша

һижри

Елімізде тұңғыш рет «Халал Маркет» ашылды (ФОТО)

Елімізде тұңғыш рет «Халал Маркет» ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

22 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің әр өңірінде «ҚМДБ халал» өнімдер сататын арнайы сауда орындарын ашу қолға алынды.

Елімізде алғашқы «халал маркет» Ақтөбе қаласында іске қосылып отыр. Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының  қатысуымен  қаладағы «№1 халал» азық-түлік өнімдерін сататын дүкеннің ресми ашылу салтанаты өтті.

Бас имамның ақ батасынан кейін халал маркет жұмысы іске қосылып, алғашқы тұтынушыларға «ҚМДБ халал» өнім түрлері таныстырылды.

Қаланың №12 шағын ауданы, 51а мекен-жайында орналасқан «Наурызбаева» кәсіпорнына тиесілі «№1 халал» маркет «ҚМДБ халал» сертификатына ие:

1. Шұжық өнімдері;

2. Полуфабрикаттар;

3. Балмұздақ;

4. Сүт өнімдері;

5. Мармелад;

6. Шәй;

7. Кондитерлік;

8. Май өнімдері;

9. Тұрмыстық химия өнім түрлерін сатады.⠀

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бұл игі бастаманың алғаш болып Ақтөбе облысында жүзеге асқанын, алдағы уақытта еліміздің әр түпкірінен осындай сауда орындарын ашу жоспарда бар екендігін жеткізді.

Халал индустриясын дамытып, «ҚМДБ халал» сертификаты бар өнімдерді танытуға ат салысқаны үшін «Наурызбаева» кәсіпорны басшылығына алғысын білдірді.

Аталмыш маркет жұмысының алдағы уақытта «Халал Дамудың» жергілікті бақылаушы-инспекторы Жарасхан Абдусалимовтың қадағалауында болатындығын ескертті.

Бөлісу: