26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти Жусан операциясымен елге қайтарылған жазасын өтеушімен кездесті (ФОТО)

Бас мүфти Жусан операциясымен елге қайтарылған жазасын өтеушімен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

16 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Атыраудағы 66-түзету мекемесіне арнайы барған ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жусан операциясымен елге оралған Е.А.-мен арнайы кездесті.

Е. терроризм бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Соңғы бір жыл бойы осы түзету мекемесінде жазасын өтеуде. Дегенмен бір кездері адасып, Сирияға кеткен бұл азамат арқасынан жарақат алған екен. Жақында ғана операция жасатып, қазір жүруге жарамай қалған. Осыны ескерген Бас мүфти Е.-ге арнайы қоларба сыйлайтынын жеткізді. Жазасын өтеп жатқан Е.А. Бас мүфтиге ризашылығын айтты.

«Білместікпен істеп, өткеніңе өкінгенің жақсы. Енді ғұмырың қателіксіз болсын. Тезірек сауығып кет. Жат ағым жарға жығады дегенді үнемі айтамын. Кейінгі жастар осындай қателіктерді қайталамаса екен» деді жеке кездесу барысында Діни басқарма төрағасы.

Еске салайық, Бас мүфти бұған дейін түрмеде жазасын өтеушілермен жалпылама және жекелей кездесулерөткізген болатын.

jusan1

 

WhatsApp Image 2020 10 18 at 13.42.59

WhatsApp Image 2020 10 18 at 13.42.58

 

jusan1

 

Бөлісу: