3 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен іске асатын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына ҚМДБ Әйел-қыздар секторы да үн қосты.
Ұйымдастырушылар республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде мұқтаж отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына аса қажетті планшеттерді сыйлады.
Санитарлық талаптарға сай өткен қайырымдылық акциясына саны шектеулі отбасылар ғана қатысса, қалған планшеттерді әйел ұстаздар мұқтаж отбасыларға жеткізіп берді.
Айта кетсек, бұған дейін ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі де «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, 238 оқушыны қуантқан болатын.