01
Жұма,
Қараша

һижри

Бүгіннен бастап бірқатар мешіттер ашылды

Бүгіннен бастап бірқатар мешіттер ашылды

Ел іші
Жарнама

18 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін, 18 мамырдан бастап ҚМДБ-ға қарасты еліміздегі бірқатар мешіттер санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кейбір аймақтағы мешіттер карантин жағдайына, өңірдегі індет қаупіне байланысты кейінірек ашылады. Әзірге ешбір мешітте жамағат намазы оқылмайды. Мешіттер өңірлік уақыт ерекшелігін ескере отырып, таңғы 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында бұл шарт ертеңгі Қадір түнінде де сақталады. Бұл жайында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте атап айтқан болатын.

«Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түнге сәйкес келіп отыр. 19 мамырда мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамын. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара» деп атап өтті Бас мүфти. 

Сондай-ақ мешіттердің ашылуымен байланысты карантин режимінің талаптарын, сақтық шараларын қатаң сақтау талап етіледі.

keste

Бөлісу: