11 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін сағат 15:00-де ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері оқырмандардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап береді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Ummet.kz тілшісі.
Естеріңізде болса, 17 сәуір күні «Рамазан айына дайындық» тақырыбында онлайн конференциясы өткен болатын. Тікелей эфирде биылғы жылдағыдан өзгерек Рамазан жөнінде, жалпы оразаға қатысты сұрақтарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары жауап берген еді.
Бүгін де әлеуметтік желі қолданушылары үшін тағы бір мүмкіндік туып отыр. Дәлірек айтқанда, бүгін сағат 15:00-де «Рамазан – рахым айы» тақырыбында онлайн конференциясы өтеді. Бұл жолы оқырмандардың көкейінде жүрген сауалдарына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері жауап береді.
Тікелей эфир суретте көрсетілгендей, ҚМДБ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары және каналдарынан көрсетіледі.