01
Жұма,
Қараша

һижри

Елорда өкілдігі 250 отбасыға ауызашар пакетін таратты (ФОТО)

Елорда өкілдігі 250 отбасыға ауызашар пакетін таратты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

25 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше, қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен жамағатқа тегін ауызашар пакеттерін тарату жұмыстары басталды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Нұр-Cұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен Рамазан қарсаңында өткен өкілдік жиналысында осындай бастама көтеріліп, қаладағы мешіт имамдары бірауыздан қолдау танытқан болатын.

«Рамазан шуағы» деп аталатын бұл жоба аясында мешіт қызметкерлерінің ұйытқы болуымен ауызашар пакеттері әзірленіп, өкілдік қызметкерлері мен «Шарапат» еріктілер тобы үй-үйге таратып шығады. Қала бойынша жарияланған карантин режиміне орай барлық қауіпсіздік шаралары мен сақтық мәселесі қатаң қадағаланатын болады.

Осылайша, елорда мешіттерінің атсалысуымен Рамазанның алғашқы күні 250 отбасыға «Рамазан шуағын» жеткізіп, ұлық айдың мейірін сездіруге тырысты. Айта кетейік, игі шара Рамазан айы бойы жалғасын табатын болмақ.

elo1

elo1

elo1

elo1

elo1

elo1

elo1

 

Бөлісу: