26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти Пәкістанның Ислам идеологиясы Кеңесінің төрағасымен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астана қаласында Пәкістанның Ислам идеологиясы Кеңесінің төрағасы Мәлік Мұхаммед Хан Шерани мырзаны қабылдады» деп хабарлайды Muftyat.kz.

Қос тарап кездесу кезінде Қазақстан мен Пәкістан Ислам Республикасының рухани саладағы қарым-қатынасы туралы пікірлесті. Мәлік Мұхаммед Қазақстанның мәдени, рухани саладағы жетістіктерін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар Астана қаласында әр үш жыл сайын өтетін әлемдік дін лидерлерінің съезінің рөлін атап өтті.

«Дін көшбасшыларының съезі барлық саяси тұлғалар мен мемлекет басшыларына, журналистер мен зиялы қауым өкілдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, бірлікті сақтап, өзара ымырагершілікті нығайтуда барлығымыз жауаптымыз. Бірлік, өзара түсіністік болса, мемлекетте ізгілік орнайды» деді Мәлік Мұхаммед Хан Шерани.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы болашақта саясаткерлер мен дін қайраткерлері ортақ мәмілеге келетін алаң іздейтінін, осы алаң Астанада өтетін дін көшбасшылары съезі бола алатынын мәлімдеді.


 

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: