26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ: Бір аптада 5 957 отбасына көмек көрсетілді (ФОТО)

ҚМДБ: Бір аптада 5 957 отбасына көмек көрсетілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

7 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бір апта ішінде 5 957 отбасына көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада қайырымдылық шарасын өзі бастап, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, оларға насихатын жеткізген болатын.

«Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Мен жұртымызға жолдаған Үндеуімде карантин кезінде үмітсіздікке бой алдырмай, сауапты амалдар мен қайырымдылық шараларға үлес қосуға шақырдым. Біз қашан да өзгелерге қайырымдылық жасап, жан-жағымызға шуағымызды төгіп, шарапатымызды тигізіп, адамның алғысын алып өсіп-өнген елміз. Сындарлы сәтте бір-бірімізге жылы сөз айтып, жабыққан жандарға көмектесудің сауабы мол. Осынау сауапты іске үлес қосқан барша дін қызметкерлері мен демеуші азаматтарға риясыз ризашылығымды білдіремін» дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, қайырымдылық акциясы республика деңгейінде жүзеге асқан. Азық-түлік пен тұрмыстық заттарға кеткен қаражат мөлшері – 25 015 950 теңге. Бұл бастама жалғасын таба бермек.       

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

apta1

Бөлісу: