02
Сенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти Түркі академиясы президентімен кездесті (ФОТО)

Бас мүфти Түркі академиясы президентімен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

10 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлімен сұхбаттасты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Дархан Қуандықұлы Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Кездесуде қазақтың дін қайраткерлері мен тарихи мешіттер, киелі орындар мен салт-дәстүр сабақтастығы туралы танымдық кітап пен мақала топтамасын шығару мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, Діни басқарманың ұйытқы болуымен тарихи-діни кітапхана ашу бастамасы сөз болды.

Мүфтияттың жұмысы жайлы жылы пікірін білдірген Дархан Қыдырәлі қасиетті рамазан айында «Егемен Қазақстан» газетінен арнайы айдар ашып, танымдық материалдарға орын беретінін жеткізді.

«Расында, дін мен дәстүр құндылықтарын насихаттау – баршамыздың асыл борышымыз. Бұл ретте халқымызды рухани құндылықтармен сусындатып келе жатқан сізге, «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымына айрықша алғысымды білдерімен. Алла разы болсын!» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосу соңында Д.Қуандықұлы Халықаралық түркі академиясы әзірлеген тарихи кітаптар мен авторлық еңбектерін мүфтият кітапханасына сыйлады. Өз кезегінде ҚМДБ Төрағасы Н.Тағанұлы қонаққа мүфтияттың кәде-сыйын берді.

turk1

turk2

turk3

turk4

turk5

turk6

turk7

Бөлісу: