02
Сенбі,
Қараша

һижри

«AQ MESHIT» мешітінде «Бақытты отбасы» семинары өтті (ФОТО)

«AQ MESHIT» мешітінде «Бақытты отбасы» семинары өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

3 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «AQ MESHIT» мешітінде Ислам дініндегі отбасы және ажырасу тақырыбы жайында «Бақытты отбасы» семинары өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Семинарды Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы Ерхат Жексенов, ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгеруші орынбасары Хасан Аманқұлов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қанат Қыдырмин және «AQ MESHIT» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимов жүргізді.

Қатысушылар Ислам дінінде бақытты отбасының негіздері, отбасы ішіндегі үйлесімділікті сақтау, бақытты отбасын құрудың шарттары және ажырасу тақырыбында сөз қозғады.  

Семинар барысында жиналған қауым да өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, мазалап жүрген сұрақтарын қойып, көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігіне көз жеткізді.

fam1

fam1

fam1

fam1

fam1

fam1

fam1

Бөлісу: