30 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшылығы мешіт кітапханасына кітап тарту етті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ашылған кітапханада келуші оқырмандардың рухани азық жинап, керекті мәліметтер алуына қолайлы мүмкіндік жасалған.
Бүгінгі таңда 4000-ға жуық кітабы бар кітапхана қорын ислам әлеміндегі білімді ғалымдардың кітаптарынан бөлек, қазақ дәстүрін баяндайтын жыр-дастандар жазылған әдебиеттермен және қазіргі заман әдебиеттерімен де толықтыру жоспарланып отыр.