29 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Өзбекстан мүфтиі Осмонхан Әлімов Бас мүфти Серікбай қажы Оразға ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай құттықтау хат жолдады. Ол Өзбекстан мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасындағы достық қарым-қатынас туралы айта келе, ақ тілегін жеткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
«Өткен жылдары Қазақстанның дін көсемдерінің біздің жұртқа келуі, өзбекстандың ғалымдардың Қазақстанға баруы арақатынасымызды жаңа деңгейге шығарды. Қазақстанда Ислам дінінің кең насихатталуы, кадр даярлау және басқа да діни қызметтер барысында көптеген істер атқарылғаны жайында біздің хабарымыз бар. Сіздің басшылығыңызбен бірнеше шетел мемлекеттермен қарым-қатынастар жолға қойылды. Әсіресе, Орта Азия мемлекеттерінің Пәтуа кеңесінің кездесулерін жеке атап өтуге болады.
Бәріміздің әрекетіміз қасиетті дініміздің тазалығын сақтау, дінаралық және ұлтаралық татулықты қолдау, тыныштық пен береке-бірлікті қадірлеу, халқымызды бұзық пиғылдардан қорғау секілді ізгі мақаттарды жүзеге асыруға қаратылған» делінген құттықтау хатта.