23 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербаш Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған Әли Ербаш:
«Дос әрі бауырлас екі ел арасында шынайы татулық ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы бауырластық қарым-қатынас аясы күн санап кеңейіп келеді. Осы орайда, 30 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Басқармада қызмет атқаратын барша әріптестерімізге Алла Тағаладан табыс тілеймін. Қазақстан халқына жалынды сәлемім мен шынайы ықыласымды жолдаймын», - дейді.