25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қала тұрғындарын ҚР Конституциясының 20 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Елордада Тәуелсіздік сарайында өткен «Конституция: халықтың бірлігі, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі.

E-islam.kz ақпараттық-ағартушылық порталы Вконтакте әлеуметтік желісіндегі сенімді діни парақшаларын тізімін жария етті. Бұл тізімде дәстүрлі Ислам діні туралы тұщымды ақпарат беретін Вконтакте желісіндегі 83 бірлестіктер көрсетілген.

Елімізге белгілі теолог, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев Ислам институтында кездесу өткізді. Институт директоры Кенжеәлі Мырзабаевтың ұсыныс білдіруімен арнайы ат басын бұрған дін маманы Ислам институтында білім жетілдіруші имамдарға дәріс оқыды.

Кеше Алматы облысы Алатау мекенінде жаңа мешіт ашылып, салтанатты рәсімге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, халықты қуанышты күнмен құттықтады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясы еліміздің қажыларын тек «FlyNas» халықаралық әуекомпаниясы тасымалдауға құқылы екенін және одан өзге компаниялармен ұшуға рұқсат етілмейтінін хабарлайды.   

Бүгін ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздегі қажылық компанияларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медреселерге 2015-2016 жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы үстіміздегі жылдың тамыз айының 17 мен 28 аралығында өтпек,- деп хабарлайды ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық сапарға байланысты ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткізді деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Сауд Арабия Корольдігіне (САК) ресми іс-сапары кезінде Эр-Рияд қаласында «Нас» холдинг басшысы Ахмет Сұлтан мырзамен кездесті. Басқосуға Қазақстан Елшілігінің жауапты қызметкерлері де қатысып, отандастарымыздың қажылық сапарын оңтайландыру мәселелері қаралып, ортақ мәміле жасалды. Бұл туралы  ҚМДБ Баспасөз қызметі хабарлады.