08
Жұма,
Қараша

һижри

ҚМДБ: Түркия дін істері басқармасымен екіжақты кездесу өтті (фото)

ҚМДБ: Түркия дін істері басқармасымен екіжақты кездесу өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш бастаған делегация Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына келді. Бауырлас елден келген меймандарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрметпен қарсы алды. 

Алдымен ҚМДБ Төрағасы Түркия мүфтиіне Діни басқарма ғимараты мен ұжымын таныстырды. Мүфтияттағы «Зекет және қайырымдылық» қоры, «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы, «Әл-Фараби» залы мен «MUFTYAT» медиаорталығын бірге аралады.

Бұдан кейін екіжақты кездесу өтіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шақыруын қабыл алып Қазақстанға арнайы келген профессор Али Ербашқа алғысын білдірді. Екіжақты кездесуде екі елдің рухани байланысы сөз болып, әсіресе, баспа және аударма саласындағы ілкімді істерге кеңінен тоқталды. Профессор Али Ербаш Диянет бастамасымен жарық көрген аударма кітаптардың ішінде классикалық еңбектердің қазақ тіліне аударылуына басымдық беріліп жатқанын айрықша атап өтті. Оның айтуынша, Құран Кәрімнің өзі әлемнің 41 тіліне аударылып, 2 миллион 300 мыңға жуық данасы дүниежүзіне таратылған. Одан бөлек дін саласындағы ғылыми еңбектер, көне қолжазбалар да көптеген тілдерге аударылып, жарық көруде.

Айта кетейік, Түркия мүфтиі елімізге ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласында 2-3 қазан күндері өтетін Түркі мемлекеттері мүфтилер алқасының V Мәжілісіне әрі ресми жұмыс сапарымен келген болатын. 

Бөлісу: