28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Алланың разылығын қалаймын, күйеуімді де жақсы көремін

Алланың разылығын қалаймын, күйеуімді де жақсы көремін

Исламдағы отбасы
Жарнама

Күй  сандықта  шебер  ойнауды  мақсат  тұтқан  адам  күніне  тоғыз  сағат  дайындық  жасайтын болса, бақытты отбасы болу одан да биік мақсатты талап етеді. Себебі бұл сіздің өміріңіз!

Бұ дүниелік және ақиреттік бақытыңызға себеп.  Отбасылық  өмірін  бақытты  етуге  тырыспаған  және  оны  мүмкіндік  деп  білмеген  адам  өзіне зұлымдық жасаған болады. Яғни, құрылған шаңырақтың қадірін білмей, отбасылық бақытқа жетуді көздемесе, екі ғана жол бар: 

1. Бақытсыз ғұмыр кешу

2. Ажырасу

Ажырасу – жалғыз қалу деген сөз. Ал адам қоғам боп, ер мен әйел болып бірге өмір сүруге бейімделген. Сол себепті, уақыт өте келе адам табиғаты сыңарын іздей бастайды. Адам құрған отбасының  қадірін  білмей,  шаңырақтың  шайқалмауын  қадағаламай,  отбасылық  өмірде бақытқа жетуді көздемесе, түбі ажырасып тынады. Ал ажырасып қайта тұрмысқа шыққан әйел кісі  бәрібір  келесі  шаңырақтың  қадірін  білуге,  екінші  күйеуін  разы  қылуға  мәжбүр  қалады. Әйтпесе  тағы  да  ажырасады.  Тағы  да  жалғыздық.  Демек,  адам  өз  өмірін,  отбасылық  өмірін бақытты етуге мәжбүр. Сол себепті құрған шаңырақтың қадірін біліңіз. 

Отбасылық өмірді ретке келтіру үшін жасалатын алғашқы қадамдар:

1. Алла тағала разы болатын амалдарды іздеу. Осы нәрсе сізді ізденуге жетелейді. Яғни, сіз сұрастырасыз, оқисыз т.б. Демек сіз ізденесіз:

2. Ізденесіз. Іздену, сұрастыру барысында сіз Алла разы болатын амалдарды үйренесіз және оның ішінде күйеуіңізді разы қылу Алланы разы ететінін түсінесіз. Демек сіз:

3. Күйеуіңізді қалай разы қыласыз, соны қарастырасыз. «Қайткенде күйеуімнің разылығын табамын?» – деген сұраққа жауап іздеу барысында сіз ең  әуелі мінезіңіз бен кемшілігіңізге мән бере бастайсыз. Өзгеруіңіз керек екеніне көзіңіз жетеді. Адам  материалдық  мәселеде  үнемі  жаңашылдықты  қалайды.  Мысалы,  киімде,  көлікте,  үй жиһаздарында т.б. Бірақ өзінің рухани дүниесін жақсы жағына қарай өзгертуді ұмытып кетіп жатады. Адамның рухани дүниесінің жақсы жаққа қарай өзгеруі өмірінің дұрысталуына алып келеді. Демек сіз:

4. Кемшілігіңізді дұрыстау арқылы өзіңізбен жұмыс жасай бастайсыз. Адамның  бойындағы  кемшілігін  дұрыстау  үшін  өзімен  жұмыс  жасауы  бірден  нәтиже  бере салатын нәрсе емес, көптеген қиындықтарға тап боласыз. Демек сіз:

5. Сабыр етуді үйренесіз. Ал сабыр ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізесіз. Алла нәсіп етсе!

материал «Ең бақытты әйел» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: