25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тіс пломбасы ғұсыл немесе дәрет алуға кедергі келтіре ме?

Тіс пломбасы ғұсыл немесе дәрет алуға кедергі келтіре ме?

Пәтуа

Шариғат бойынша дененің қайсыбір жерінде ашық жара пайда болған жағдайда мұндай жер таңылып немесе басқадай бір әдіспен қымталуы тиіс. Дәрет немесе ғұсыл алған кезде таңғыш сыртынан ылғалды қолмен мәсіх тартылады, осылайша дене мүшесі формалды түрде жуылған болып саналады.

Ал таңғыштың адамның дәретсіз немесе ғұсылсыз болған кезінде таңылғандығы оны сүртуге (мәсих) кедергі болмайды. Және де мәсих жарамдылығының мерзімі белгілі бір уақытпен шектелмейді. Таңғышты жара қанша уақыт бойына таңылған күйде болуы қажет етілсе, сонша уақыт бойы сүртуге болады.

Шариғат тұрғысынан аталмыш екі жағдай өзара ұқсас. Мәселен, алдын ала тазартылған тіске пломба қойылуы немесе қаптама кигізілуі, ашық жараның таңылуы немесе емдік маймен сылануы, яғни екі жағдайда да дененің қайсыбір бөлігіне судың өтуіне кедергі болады.
Егер тісті емдеу жүніп күйімен, етеккірмен (хайыз) немесе босанғаннан кейінгі қан кетулермен (нифас) бір мезгілде келсе, яғни адам ғұсыл алмаған болса, бұл ғұсыл тұрғысынан қарастырғанда «таңу-сүрту» шараларын жасауға ешқандай кедергі келтірмейді. Ең бастысы, ғұсыл алған кезде су қаптаманың немесе пломбаның бетіне тиюі керек.
Негізінде Ханафилерде ғұсыл алғанда ауызды шаю парыз. Алайда мұндағы «ауыз қуысы» ұғымын анықтап алған жөн. Ауыз қуысы деп ауыздың ішін, тістің сауытын айтамыз, тістің өзегін емес. Сондықтан пломбаланған немесе қапталған тістің тек сауытына су тисе, парыз амал орындалған болады.
Ислам адам денсаулығына үлкен көңіл бөледі. Себебі, Аллаһ тағала адам баласын ерекше, денесін кемел етіп жаратқан. Тісті емдеу – адамның ең маңызды әрі бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Адамның өз денсаулығына немқұрайлы қарауына Исламда тыйым салынған. Өйткені, денсаулық Аллаһтың аманаты болып табылады. Оны күтіп ұстау – парыз.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: