25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрандағы бала емізу мерзімі қандай?

Құрандағы бала емізу мерзімі қандай?

Пәтуа

Адамзатқа түсірілген қасиетті Құран Кәрімде «Бақара» (2/233) мен «Лұқман» сүресінде (31/14) баланы емізу мерзімінің екі жыл екендігі айтылған.

Оны бүгінгі дүниежүзілік ұйымдар да кезекпе-кезек мойындауда. Мәселен, ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ жанындағы Балалар қоры баланы емшекпен емізу мерзімі екі жыл екенін әрі 6 айға дейін емшек сүтінен басқа ештеңе бермеу керектігін ескертуде. Америкалық Педиатр акамедиясы, ең жоқ дегенде, баланы алғашқы жарты жыл емізу керектігін айтуда.  

2002 жылы ДДҰ мен ЮНИСЕФ ерте жастағы және емшектегі балалар қорегі саласында ауқымды стратегия бекітіп, оны қолдауға барлық елдердің үкіметтерін шақырды. Онда алты айға дейінгі емшекпен емізуді қолдау, қорғау, сондай-ақ, емшекпен емізудің екі жылға дейін жалғасу керектігі, одан кейінгі жылдарда да отбасында, қоғамда, жұмыста әйелдерге қолдау білдіру қажеттілігі айтылған.

Қорыта келгенде, ана сүті – асқан шеберлікпен жаратқан Алла Тағаланың ғажап несібесі. Күллі витамин атаулыны соның құрамына топтастырып, жаңа туған сәбиге анасының махаббатымен қоса ұсынуы – Жаратушының үлкен мейірімі. Зерттеуші С. Юфит «Анасының сүті – баланың қорегі ғана емес, ол оның өмірі» дейді. Ендеше, балаңызды Жаратушы сыйлаған несібесінен қақпаңыз!

материал «Сенім және ақиқат» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: