25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Макияж, шаш бояуы, қына, шаш кремін қолдану туралы

Макияж, шаш бояуы, қына, шаш кремін қолдану туралы

Пәтуа

Әйелдің ислам рұқсат берген шеңберде ажарланып бойын күтуге толық мүмкіндігі бар. Исламда әйелге тек күйеуі үшін әрленуге рұқсат беріледі. Сонымен қатар, қына, сүрме секілді табиғи косметикалық құралдарды пайдалануға да шектеу қойылмайды.

 

Бұған қоса Ислам, әйелдің жібектен киім киіп, алтыннан әшекей тағуына тыйым салмайды. Алайда дініміз, әйелдердің көшеге опа-далап жағып, барын киіп жасанып шығуын, мұнысымен өзгелердің назарын өзіне аударғанын құптамайды. Ал енді макияж мәселесіне тоқталсақ, мұндай әсемдік бұйымдарының құрамында діни тұрғыдан тыйым салынған нәрселердің бар екендігі анықталған жағдайда бұдан бас тартқан жөн. Мәселен, құрамында доңыз майы қоспасы болса немесе қолданған кезде жұқа қабықша түзіп денеге су өткізбейтін болса опа-далап, лакты пайдалануға болмайды. Шашты жылтырататын, түрлі түске бояйтын крем, бояуларға да сақ болған жөн. Қолданылатын бояудың және лактың су өткізбейтінін алдын ала анықтаған артық емес. Қабықша түзбейтін, су өткізетін бояумен шаш бояудың, лакты пайдаланудың әбестігі жоқ. Қала берді шашқа қына жағудың сүннет екені белгілі.

Ал енді шашқа арналған гельге келетін болсақ, бұлар су құйғанда сабын секілді көпіршіп, ағып кететін болса, ғұсылға кедергі жасамайды. Алайда гель шашқа суды өткізбесе ғұсыл жарамсыз саналады.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: