25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазан айында ауызашар берудің сауаптылығы

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бірнеше хадистерінде ораза ұстаушыға ауыз аштырған адамға ораза ұстағанның сауабындай сауап берілетіндігі әрі ауыз ашқан кісіден сауабы еш кемітілмейтіндігі айтылған. Тіпті бір құрма немесе бір жұтым су беріп болса да ауыз аштырған мұсылманға берілер сауабы мол делінген.

Ораза ұстасам, қатты ауырамын. Рамазан айында ораза ұстау маған парыз бола ма?

Алла Тағала құлына тек күші жететін нәрсесін ғана міндеттейді[1]. Өйткені Ұлы Жаратушы иеміз бізге ауырлық емес, жеңілдік қалайды. Сондықтан Алла Тағала ауырған адамға ораза тұтпауына рұқсат берген.

Бұрынғы Рамазаннан әдейі бұзған оразаларым бар. Кәффәратын өтеуім керек пе?

Ханафи ғалымдарының тоқтамы бойынша, бірнеше Рамазан айларындағы себепсіз бұзған оразалары үшін бір кәффәрат өтесе жеткілікті.

Рамазан айына қалай дайындалу керек?

Кез-келген маңызды іс дайындықты талап етеді. Мұсылман адам Құран түсірілген, күнәлардың кешірілуіне себепші болатын, жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылатын, шайтандар кісенделетін, жылына бір мәрте ғана келетін Рамазан атты ұлық айдың келуіне үлкен дайындықпен қадам басқаны жөн.

Ережеп айында қанша күн ораза ұстау керек?

Ережеп айында ораза ұстау – ерікті амал. Ұстаған адамға сауап бар, ұстамаған адамға күнә жоқ. Ал, енді қанша күн ораза ұстау керек? – дегенге айтарымыз: «пәлен күн ауыз бекіту керек» деген бұйрық жоқ, әркім шамасына қарай қанша күн ұстаймын десе де өз еркі. Мүлдем ұстамаймын деушілерге де күнә жоқ.

«Риязат» деген не? «Риязат оразасы» дейтін ораза түрі бар ма?

«Риязат» дегеніміз, нәпсіні тәрбиелеу мақсатында аз ішіп-жеу, аз сөйлеу және аз ұйықтау. Әбу Сүлейман Дарани атты әулиенің мынадай сөзі бар: «Дүниенің кілті – тоқтық. Ақыреттің кілті – аштық». Бұрын сахабалар, тоя тамақ ішпейтін, түнді үшке бөлетін, бос сөздерден қашатын.    

Ашура күнінде жомарттық танытқан адамның жыл бойы ризығы молаяды

Ашура күні, яғни Мұхаррам айының оныншы күнінде қайыр жасағандарға, бойсұнып, құлшылық етушілерге Алла Тағала ерекше сауап жазады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім, Ашура күнін бала-шағаға жомарттық көрсетсе, Алла Тағала жыл бойы оның ризығын молайтады» - деген.

Шәууәл оразасы қаншалықты сауапты?

Рамазан айынан кейін келетін шәууәл айында алты күн нәпіл ораза ұстаудың сауабы  – бір жылдық оразаның сауабына тең.