25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Rayani Air малайзиялық әуе компаниясы әлем бойынша тұңғыш рет толықтай шариғат талаптарына сай келетін рейс ұшып шықты, деп хабарлайды The Daily Mail.

Сауд Арабиясы Қажылық министрлігі қажылық операторларына қатысты талапты қатаңдатты, ережені күшейтті. Бұл биылғы қажылық маусымында Мина жазығында орын алған уақиғаларға тікелей байланысты шығарылған шешім болып отыр.

Ресейде алғаш рет мұсылмандар үшін қалада орналасқан халал асханалар, мешіттер, медреселер және мұсылман дүкендерін карта бетінде оңай тауып беретін «халал жол сілтеуші» (HalalGuide) бағдарламасы іске қосылды.

Британ университеті ғалымдары тосын зерттеуді жария етті. Мамандар адам бойындағы қайырымдылық қасиет рак және жүрек ауруларын алдын алудың бірден-бір жолы екеніне көз жеткізді.

Әзірбайжан астанасында халықаралық палау фестивалі өтуде. Кулинарлық шоуда Әзірбайжан, Түркия, Иран, Индонезия, Сауд Арабиясы, Корея, Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан және өзге де ел өкілдері қатысып отыр.

Құран Кәрімнің ерекше он нұсқасы Петербургтың Эрмитаж көрмесінде ел назарына ұсынылады. Аталмыш шара әлемдік діндердің қасиетті кітаптарына арналған көрме аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл жайында Ресей Федерациясы Діни басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Үндістанның 70 мыңнан аса мұсылман бірлестіктерінің өкілдері ИШИМ, әл-Каида, Талибан және өзге де террористік ұйымына қарсы пәтуаға қол қойды, деп жазады Times of India.

«Қалыңдық» аталатын әлемнің ең биік ғимаратының құрылысы 2025 жылы аяқталады. Дубайдағы Бурж Халифа мен Сауд Арабиясындағы құрылысы әзір аяқталмаған Король ғимараты әлемнің ең биік үйі мәртебесінен ажырағалы тұр, деп жазады Business Insider.