25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қасиетті Мекке қаласындағы Қағбаның қарт азаншыларының бірі шейх Мұхаммед Сирадж Мааруф ұзаққа созылған дертінен айыға алмай, өмірден өтті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев террористік және экстремистік ұйымға өз еріктерімен қосылған адамдарды азаматтықтан айыруды ұсынды. Бұл жайында ол Бішкекте өткен жылдың қорытынды баспасөз конференциясында айтты.

Алдағы 2016 жылғы ислам туризмі астанасы болып Түркия республикасының Конья қаласы танылды. Бұл жайында Нигер орталығы Ниамейде өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің 9-шы конференциясында белгілі болды.

Ричмон қаласында (АҚШ) мұсылмандар шоғырланған орталықта теракті ұйымдастырмақ болды деген күдікпен құқыққорғау органы өкілдері қамауға алған сантехник үш күннен кейін босатылған, деп хабарлайды SFGate.

Биылғы жылдың маусым айында Ұлыбританияның Бирмингем университеті кітапханасынан табылған ежелгі Құран қолжазбасы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ең жақын сахабаларының бірі Әбу Бәкірге (р.а.) тиесілі болуы мүмкін.

Енді әрбір татар мектебіне толықтай мұсылман шариғатына сай асханамен қамтылу мүмкіндігі бар. Ол үшін ата-аналар білім мекемелеріндегі асхана ісіне жауапты қалалық департаментке ұжымдық өтініш білдіруі керек.

Үндістанның белгілі партия жетекшілерінің бірі өзінің исламофобтық пікірлері үшін Уттар-Прадеш штаты министрі лауазымынан шеттетілді.

Малайзия республикасында «электронды темекіні шегу «харам», яғни күнә» деген пәтуа шықты. Бұл шешімге Шариғат заң пәтуалары Кеңесі сарапшылары ұзақ уақыт зерттеу жұмыстары нәтижесінде келді.

Аты әлемге әйгілі Криштиану Роналду Бейрут терактісі салдарынан жетім қалған үш жасар Қайдар Мұстафамен кездесті. Қайдардың ата-анасы теракті кезінде қаза тапты. Өзі жарақат алды.

Жаңа қабылданған заңға сәйкес, енді Абхазия республикасы аумағында түсік жасатуға толықтай тыйым салынады.