26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти Түркия елшілігі өкілімен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияның Қазақстандағы елшісінің діни істер жөніндегі кеңесшісі Ибраһим Йылмаз мырзамен кездесті» деп хабарлайды Muftyat.кz.

Кездесу барысында Түркия мен Қазақстанның рухани-мәдени саладағы қарым-қатынасы жан-жақты сөз болды. Наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов еліміздегі діни саласына, әсіресе имамдардың білімін арттыруға айрықша үлес қосып келе жатқан Түркияның Діни басқармасына алғысын білдірді.

«Бүгінде Түркияның Діни басқармасы Қазақстандағы діни салаға қолдау көрсетіп келеді. Біздің шәкірттер Түркияда білім алуда. Имамдарымыз тәжірибеден өтуде. Аударма ісінде де сіздердің үлестеріңіз мол. Оқу-ағарту саласына қосып жатқан жұмыстарыңыз үшін Қазақстан мұсылмандары атынан алғыс айтамын», – деді Н.Тағанұлы.

Басқосуда Ибраһим Йылмаз наиб мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, діни саладағы жұмысына табыс, сәттілік тіледі.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: