Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Осы мақсатта Маңғыстау облысындағы «Үммет жастары» қайырымдылық тобы тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті.
Маңғыстау облысы прокуратурасының «Қоғам – сенің қорғаның» атты жобасын жүзеге асыру мақсатында Мұнайлы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шара барысында Маңғыстау облысы «Миғраж» мешітінің бас имамы Руслан Баймуканов және мешіт жанынан құрылған «Үммет жастары» қайырымдылық қорымен бірлесіп Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданында тұратын жағдайы төмен 50 отбасыға азық-түлік және үй тұрмысына қажетті заттар таратылды.
ummet.kz