26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ: ІІ республикалық палуандар күресі өтеді

Ел іші
Жарнама

2015 жылдың маусым айында Алматы қаласында «Дін мен дәстүр» жылына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен жамағат, кәсіби және әуесқой спортшылар арасында дәстүрлі ІІ республикалық палуандар күресі өтеді.

Жүлдегерлер бағалы, ақшалай сыйлықтармен марапатталып, жеңімпаздарға алғыс хаттар беріледі.

Айта кетейік, өткен жылы ұйымдастырылған қазақ күресінде бас жүлде иегері Бауыржан Тәліп Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолынан үлкен қажылыққа тегін жолдама алған болатын.

Дүбірлі додаға 18 жастан асқан палуандар қатыса алады.

Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Суға жүзуді, садақ атуды, атқа отыруды, күресуді, жүгіруді үйреніңдер, әрі өзгелерге оны үйретіңдер», – деген.  

muftyat.kz

Бөлісу: