06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти жазушымен сұхбаттасты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері Толымбек Әбдірайымды қабылдады.

Бас мүфти мен жазушы дін мен дәстүрдің сабақтастығы, жастарды жат ағымнан сақтандыру, балалар әдебиетін дамыту, Діни басқарманың діни білім саласы бойынша жұмыстарындағы жаңашылдық, т.б. мәселелер төңірегінде сұхбаттасты.

Елімізге балалар жазушысы ретінде танымал Толымбек Әбдірайым бас мүфтиге балалар мен жасөспірімдерге арналған прозалық шығармаларға (әңгіме, мысал, ертегі, сахналық көрініс, хикаяттар) жыл сайын дәстүрлі бәйге жариялауды ұсынды.

«Бүгінгі жас өскін балаларды имандылық, адамгершілік, отансүйгіштік, елінің патриоты ретінде тәрбиелеу бағытында көркем шығармалардың алатын орны үлкен» деп атап өтті Толымбек Сылдырбайұлы.

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы: «Ұсынысыңыз өте орынды. Қолдаймын. Бұл жобаны жүзеге асырудың жолдарын қарастыратын боламыз. Біз Діни басқарма жанынан балалар журналын шығарсақ деген ойымыз бар. Бала тәрбиесі өте маңызды. Мұсылманның мұраты – иманды, ізгі ұрпақ тәрбиелеу ғой. Бір ғұламаның: «Бала қымбат болса, баладан бұрын оның тәрбиесі қымбат» деген сөзінде үлкен мән жатыр» деді.

Бас мүфти мен жазушының сұхбаты еліміздің республикалық ірі басылымдарының бірінде жарияланатын болды.

Bastol2

 

Bastol3

Bastol4

Bastol5

Bastol6 

ҚМДБ баспасөз қызметі

Бөлісу: