ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде тарап жаүрген "өлім ойындарына" қарсы жүргізіліп жатқан шаралар жайында айтып берді. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев қазіргі уақытта суицидті насихаттайтын топтарға мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты.
"Соңғы кездері әлеуметтік желілерде суицидті насихаттайтын "Синий кит", "Тихий дом" топтары тарап жатыр. Ойынға кірген балалар тапсырмалар орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Сонымен қатар, ойын модераторлары ойыншы туралы мәліметтерді біліп отырады. Осы әрекет бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 6-бөлігі ("Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу") тергеу жүргізіледі", - деді Сәдубаев.
ҚР ІІМ мәліметінше, 2016 кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер бойынша тоғыз қылмыстық іс жүргізілген, алайда олардың әлеуметтік желі арқылы жасалғаны расталған жоқ.
"Әлеуметтік желілердің басқа елдерде орналасқанына байланысты бұл ресурстардың топтарын бұғаттаумен айналысамыз. Ата-аналарға балаларының виртуалды өміріне бақылау орнатуға кеңес береміз, егер осыған ұқсас жағдайға тап болсаңыз, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз. Сол деректерге сай шаралар қолданылатын болады", - деді Алмас Сәдубаев.
Еске салайық, "Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды.
Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін үрейлене ескертеді. ВКонтакте желісінде "Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.
Дереккөз: tengrinews.kz