26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дін қызметкерлеріне жаңа шапан үлгісі бекітілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Дін қызметкерлері үшін жаңа шапан үлгісі әзірленді. Киім сапалы және жаңа сән үлгісімен жасалынды.

Бірнеше жылдан бері діндарларымыз жазда жағасы мен жиектері оюланған ақ шапан киетін. Ал, қыста киетіні жағасы түсі қара барқыт шапан. Бір сән ательесінде тігілмегендіктен ақ деген түсінің өзі әркелкі, қарасыда тап солай. Осының нәтижесінде ұлттық нақыштағы ою-өрнектерімен де, түсімен де бір-бірінен ерекшеленді.  Осы әр түрлі киім үлгілерін бір ізге түсіру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде екі түрлі шапан үлгісі қаралып, талқыланып бекітілді.

Біріншісі (1. сурет) діни басқарманың бөлім басшылары, облыстардағы, өңірлердегі өкіл имамдар киетін шапанның жаңа үлгісі. Ол шапан үлгісінің нөмірі: 17-15; түсі – сүт түсті, кестелері күміс түсті; алдыңғы жиегі күміс түсті парчамен (аппликация) және жаны ою өрнекпен кестеленген; жағасы сырылып тігіліп, жиегіне сарғыш жылтыр мата жүргізілген; астары сүт түсті жұқа мата.

Ал, екіншісі жалпы еліміздің имамдары киетін шапан. Оның сипаты мынандай:

Шапан үлгісінің нөмірі: 16-15; түсі – сүт түсті, кестелері күміс түсті; алдыңғы жағына кестелі жиек жүргізілген және жиегі ою-өрнекпен кестеленген; жағасы сырылып тігілген; астары сүт түсті жұқа мата.

Нәтижесінде дін қызметкерлеріне арналып тігілген шапан үлгілері төралқада мақұлданып, бір ауыздан бекітілді. Енді осы киім үлгілері қолданысқа енетін болады.

Бұған дейінгідей әркелкілікке жол бермес үшін осы екі шапан үлгісі де тек бір жерден нақтырақ айтқанда, «Би ана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен (Алматы қ. Сейфуллин даңғылы, 287, «Сервер» аялдамасы, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., тел: 380-60-08, 380-60-09) жекелей де, ұжымдық түрде де тапсырыспен тіккізу жөнінде келісілді.

Ербосын ОРЫН, 

ҚМДБ-ның іс-басқарушысы

Бөлісу: