26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти тағайындалды

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің 30.04.2015 күнгі №653 бұйрығымен Өтпенов Наурызбай Тағанұлы ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы қызметін сақтай отырып, ҚМДБ-ның найб мүфтиі болып тағайындалды.

Білімі мен біліктілігі:

- 1993-1997 жылдары Ташкенттегі «имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институты.

- 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институты.

- 2009 жылы Мысыр Араб Республикасындағы білім жетілдіру курсында біліктілігін арттырған.

- 2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетнің «Тарих» факультетін бітірген.

- 2011-2013 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетнің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын үздік тәмәмдаған.

Еңбек жолы:

- 1997-1999 жылдары ОҚО, Түлкібас ауданы, «Көкірек ата» мешітінде имамдық қызмет атқарған.

- 2001-2005 жылдары ШҚО, Аягөз ауданының Бас имамы.

- 2005-2006 жылдары Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің наиб имамы.

- 2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы.

- 2011 жылдың cәуір-қыркүйек айларында Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің Бас имамы болып қызмет атқарды.

- 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы.

- 2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы.

- 2013 жылдың 20-шы қыркүйегінен бастап осы күнге дейін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы болып қызмет атқарып келеді.

Еңбек жолындағы жетістіктері:

Н.Өтпеновтың тікелей жетекшілігімен 2002-2005 жылдары ШҚО, Аягөз қаласында орталық және «Жаңауыл» мешіттерінің құрылысы сәтті жүргізіліп, іске қосылған. 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің салынуына мұрындық болған. Қарағанды облысында «Сұлу әлем», «Нұрлы мінбер», «Жұлдызды гол» атты жобаларды іске асырған. Республикалық БАҚ беттерінде жарияланған көптеген діни, рухани-танымдық мақалалар мен «Үміт сәулесі» атты кітаптың авторы.

Марапаттары:

Аягөз ауданының құрметті азаматы, Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Астана қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған. 

ҚМДБ-ның Баспасөз қызметі

Бөлісу: