26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ делегация тобы Мысыр Араб Республикасында (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен шетел жастарымен тығыз қарым-қатынасты күшейту мақсатында тұңғыш рет кездесулер өткізу үшін арнайы делегация өкілдері Мысыр Арап республикасына 3 күндік іс-сапармен келді.

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі, Дін істері жөніндегі камитет төрағасының орынбасары Бақытжан Құлекеев, Бас мүфтидің кеңесшісі Қуат Раев, ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерішісі Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның Пәтуә және шариғат бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы бар. ҚМДБ делегациясымен бірге «Асыл арна» телеарнасының журналисі Нұрболат Жантелиевте бар.

2 күн ішінде бірнеше салихалы кездесулер өтіп, бірқатар мәселелер шешемін тауып, алдағы уақытта атқарылатын ізгі істердің жоспары жасалды.

ҚМДБ делегациясы «Әл-Азхар» университетінің проректоры Ибраһим Уд Удпен кездесті. Проректор сұқбат барысында «Әл Азхар» мен Қазақстандағы «Нұр Мүбәрәк» университеттері арасындағы қарым-қатынасты жандандыру керектігін айтып, біздің елден барған кез-келген студентті оқытуға дайын екенін жеткізді. Әрі мұнда шариғи ілім мен қоса дүниелік білімге де баса назар аударылатынын, осылайша жанжақты маман жетіліп шығатыны айтты.

Мұнан соң Шейхул Әзхардың кеңесшісі Абдурохман Мұсамен кездесу өтті. Ол жерде де маңызды тақырыптар тілге тиек етілді.

«Әл-Азхар» университеті, Орта білім беру департаментінің өкілі Абдул Хамид әл-Азхармен кездесуде тәлімгерлер алмасу және оларды сапалы оқулықтармен қамту жағы айтылды.

Қазақстанның Мысырдағы елшілігінде Мысырда оқитын 100-ге тарта студенттермен кездесу өтті. Делегация мүшелері кезек-кезек сөз алып, студенттерді көптеген ақпаратпен таныстырды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі, Дін істері жөніндегі камитет төрағасының орынбасары Бақытжан Құлекеев еліміз шетелде оқып жатқан жастарға көп көңіл бөліп жатқанын айтса, Бас мүфтидің кеңесшісі Қуат Раев сөз алып, ҚМДБ жұмысы туралы қысқаша тоқталды. Мұнан соң ҚМДБ-ның Пәтуә және шариғат бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы білім алудың маңыздылығын және «Нұр-Мүбарак» университеті жайлы айтып берді. Жастардың белсенділігін жоғары бағалап, оларды тезірек елге келіп, қызмет етуге шақырды. ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерішісі Алтынбек Ұтысханұлы ҚМДБ-ның атқарып отырған іс-шараларымен таныстырды. Атап айтқанда жуырда тұңғышы рет өткен Имамдар форумының тәлім-тағылымын айтты. Және сол жерде қабылданған маңызды құжаттармен таныстырды. Олар: «Имамның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі». Сондай-ақ төрт бағыт, халал бөлімі, фатуа.кз сайтының ашылғанына, РАНТ тобының құрылып жұмыс істеп жатқанына да тоқталды.Тәлімгерлер аталған құжаттармен жақын танысып, көкейдегі сұрақтарын қойды. Сұрақтар еліміздегі халал өнімдерді қадағалау мен пиғылы бөлек сайттарды бақылауға алу тұрғысында болды.

Осылайша қызықты өткен кездесу суретке түсумен аяқталды. Кездесу соңында отандастар бір үйдің баласындай қатар сапқа тұрып Ақшам намазын оқыды. Кездесу ҚМДБ өкілдері мен студенттері арасындағы бауырмалдықты арттырды.

Делегация мүшелері Кайр қаласындағы араб тілін үйрететін орталықтарда да болды. Кешке делегация мүшелері бір топ студенттер тұратын пәтерде қонақта болды. Ол жерде де уағыз-насихат жұмыстары жүрді.

Келесі күні Қазақстанның Александриядағы консулдығында сол қалада білім алып жатқан студенттермен кездесу өтті. Қалада 20 тәлімгер бар.

Студенттер ҚМДБ тарапынан аздап болса да қаржылық қолдау көрсетілсе, басқа да мүмкіндік есіктері ашылса деген тілек білдірді. Ал делегация өкілдері олармен әрдайым байланыста болып тұратынын айтты.

Кездесу 1 сағатқа жоспарланғанымен, студенттердің белсенді қатысуы арқасында 4 сағатқа созылды. ҚМДБ өкілдері еліміздегі кадыр тапшылығын айтып, мамандарды ісгі іске үлес қосуға шақырды.

Делегация мүшелері бүгін Пирамида мен Бейбарыс сұлтан бабамыз салдырған мешітке бас сұғады. Ал кешке Джидда қаласына қарай жол тартады» - деп хабарлайды «Асыл арна» телеарнасының тілшісі Нұрболат Жантелиев.

muftyat.kz

Бөлісу: