07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қажылық миссиясы: мұсылмандар қажылықтың соңғы амалдарын орындауда (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бес парыздың бірі - қажылық сапары тәмамдалып келді. Арапа алқабы мен Рахма тауында күн батқанша тапжылмай дұға қылған мұсылмандар Мұздалифа жазығына түнеп, шайтанға тас атуға аттанды.

Мұсылмандар одан кейін Меккедегі мешітте намазға қатысып, Қағбаны тәуап ету амалдарын орындайды.

«Шайтанға тас ату кезінде адамдарға зиян келтіріп алмау керек. Тағы бір ескеретін нәрсе тастың көлемі үлкен болмау қажет. Мұздалифадан теріліп алынған  70 тасты бірден бір орынға лақтырмайды. Тас ату үшін үш қабырға қойылған. Ең бірінші күні жеті тасты атады. Одан кейінгі үш күнде әр қабырғаға жеті жетіден 21 тастан атады. Сонда жалпы саны 70 тас лақтырылады. Және әр мұсылман баласы Аллаға мадақ айтып күнәсінің кешірілуін, қажылығының қабыл болуын тілейді» дейді Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев.

Бұдан соң Қазақстандық қажылар үлкен қажылықты тәмамдаудың соңғы парызы қасиетті Қағбаны айналып тәуап жасайды. Қазір барша мұсылмандар Әл Харам мешітіне бет түзеді.


 

Қажылық миссиясының ақпарат бөлімі

Бөлісу: